Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

26 Ақпан 2021, 15:46
1271
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 ақпан күні сағат 11:55-те Шалқар ауданының Ұлпан темір жол станциясында 43 вагон құрамының 22 жүк цистернасы жолдан шығып кетті. Оның ішінде 13 цистерна аударылып, ұзындығы 150 метр темір жол рельсі зақымданды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға «Атырау-Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызының кешігуіне әсер етті (Ембі стансасында орналасқан). Қазіргі уақытта электр энергиясын тоқтан ажырату және жөндеу жұмыстары жүргізілуде.   

цистерна1.jpeg


Оған ТЖД (9 қызметкер және 3 бірлік техника) және АПБ (2 қызметкер және 1 бірлік техника), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан ққ. «ҚТЖ» АҚ (2 қалпына келтіру поезы және 49 қызметкер), Қандыағаш және Шалқар станцияларынан (2 өрт сөндіру поезы 16 қызметкер), ЖАО (3 қызметкер және 2 бірлік техника) жұмылдырылды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы