Ақтөбе облысында көлік маркасы мен түсін анықтайтын жүйе орнатылды

23 Қаңтар 2021, 12:40
1601
Бөлісу:
Ақтөбе облысында көлік маркасы мен түсін анықтайтын жүйе орнатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ЖҚЕ бұзушылықтарын автоматты тіркеу жүйелері, бірінші кезекте, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен ЖКО алдын алуға, сондай-ақ ұрланған көлік құралдарын табуға жедел әрекет етуіне арналған, яғни камералар нақты уақыт режимінде іздеудегі МТНБ-ны есептейді. 

Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жақында машинаның маркасы мен түсін анықтау мүмкіндігі пайда болды, бұл жүйелер қаладан шығу жолдарына орнатылды, бұрын осы камералардың тізімі бірнеше рет жарияланған болатын. Жүйе «Рубеж» аппараттық-бағдарламалық кешені деп аталады, - делінген хабарламада. 

Осы жылдың 10 қаңтарында «Рубеж» жаңа жүйелерінің көмегімен полиция қызметкерлері жүйенің функционалдық мүмкіндігін пайдалана отырып, жаяу жүргіншінің өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі адамның автокөлігінің маркасын тапқан болатын. 

«Рубеж» жүйесі жылдамдық режимінің бұзылуын ғана анықтайды, жылдамдықтың шектелуі кешеннің қала ішінде не қаладан тыс орналасуына, сондай-ақ жолдың бөлу жолағының болуына/болмауына байланысты ҚР Жол жүрісі қағидаларына негізделген. 

ПД-ның мәліметінше, жүйе қаладан шығу жолының 7 жерінде орнатылған, оның ішінде 5 кіру/шығуда мынадай шектеулері бар жылдамдық өлшегіштер орнатылған: 

1. Орск бағытында (100 км/сағ)
2. Қобда (60 км/сағ)
3. Хромтау (110 км/сағ)
4. Мәртөк (110 км/сағ)
5. Алға (60 км/сағ) 

Жүйелер жылдамдықты 2 бағытта белгілейтінін білу маңызды, яғни егер камера Ақтөбе қаласына қарай жол жиегіне орнатылса, бұл жылдамдықты тек қалаға қарай анықтайды дегенді білдірмейді. Камера 2 бағытта анықталады. 

Бүгінгі таңда жылдамдық режимін бұзу саны 15 мыңнан асты, 20 күнде 30, 40 және 60 бұзушылықты бұзған жүргізушілер бар, олардың сомасы орташа есеппен бір адамға 600 мың теңгеден асады, және бұл жүргізушіге ескерту жасалған сәттен бастап 7 күн ішінде айыппұл төлеу қажет болады, егер айыппұл 7 күндік мерзімде төленбесе, 2 есеге көбейеді. 

ҚР ӘҚБтК-нің 743-бабы негізінде тіркелген жері бойынша поштамен, смс арқылы хабарлау жолымен жүзеге асырылады. 

Бүгінгі күні бүкіл республика пайдаланатын жүйені автоматты режимде құқық қорғау органдары жүргізушіге тіркелген ұялы нөмірге SMS-хабарлама жібергеннен кейін, осы сәттен бастап қысқартылған әкімшілік өндіріс уақыты немесе хабарлама түскен сәттен бастап 7 күн ішінде қарастырылады. 7 күн өткеннен кейін жүйе айыппұлдың толық сомасын автоматты түрде шығарады.

Өзгелердің жаңалығы