Ақтөбеде полицейлерді вакцинациялау жалғасуда

17 Сәуір 2021, 19:47
1509
Бөлісу:
Ақтөбеде полицейлерді вакцинациялау жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында полицейлерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Ақтөбе облысы бүгінде коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. Күн сайын вирус ондаған адамда анықталуда. Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауын көрсетеді. 

Бүкіл ел сияқты, облыста да халықты COVID-19-ға қарсы вакцинациялау белсенді жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, бастапқыда екпені дәрігерлер, мұғалімдер алған болатын. Ал қазір – күш құрылымдарының өкілдері де алуда. Қазір «Спутник V» вакцинасын кез келген адам ала алады.

Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің 300-ден астам қызметкері инфекцияға қарсы егілді.

 Мен вакцинаның екі компонентімен егілдім. Хал-жағдайым жақсы. 60 жастағы ата-анам да екпе алды. Бүгін тәртіп сақшылары азаматтардың алдыңғы шебінде тұр. Олар үлгі болып, тұрғындарды, жақындарын және өздерін қауіпсіздендіруге дайын екендіктерін көрсетуі тиіс, – деп хабарлады Ақтөбе қаласы ПБ бастығының орынбасары Талғат Берденов.

Өзгелердің жаңалығы