Ақтөбеде жатақхана отқа оранды

1 Желтоқсан 2020, 02:10
1579
Бөлісу:
Ақтөбеде жатақхана отқа оранды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде көпқабатты жатақхананың шатыры өртенді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

30 қараша күні сағат 21:30-да Ақтөбе қаласының дағдарыс жағдайларындағы басқару басқарманың кезекші бөліміне жатақханадан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және 7 техника жұмылдырылған. 

Қазіргі ақпарат бойынша 200 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер туралы хабарлама келіп түспеді. Қосымша ақпарат тағы хабарланады, - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өзгелердің жаңалығы