Әл-Фараби жайлы спектакльдің тұсаукесері өтеді

21 Қазан 2020, 20:30
2514
Бөлісу:
Әл-Фараби жайлы спектакльдің тұсаукесері өтеді

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында 23-24 қазан күндері Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай «Ғұлама ғұмыр» драмасы сахналанады. Премьераның режиссеры Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.

Биыл елімізде ұлы ойшыл, философ Әл-Фарабидің 1150 жылдығы кең көлемде атап өтілуде. Мерейтойға арнап Қарағанды облыстық қазақ драма театрының ұжымы «Ғұлама ғұмыр» атты жаңа спектакльдің премьерасын көрермендерге ұсынады.

Қойылымда басты рөлді Наурызбай Есей сомдайды. Актер жақында «Тұлға» сыйлығын алған болатын. Ол премьерада қаланың басшысы Алеппо Сейт Хамданиді сомдайтын Қайрат Кемаловтың шәкірті.

Әл-Фараби Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, әлемдік деңгейдегі ойшыл. Оның рөлін сахнада сомдау кез келген актер үшін жауапкершілікті қажет етеді. Мен қала басшысы Сейт Хамданидің рөлін сомдаймын. Ол басқалар қарсы болған уақытты Әл-Фарабиге қолдау білдірген жалғыз адам. Жас ойшылды түсініп, қиын кезеңдерде оған көмектескен Сейт Хамдани тарихи тұлға,- дейді Қайрат Кемалов.

Жаңа спектакльдің режиссеры атақты театр режиссеры Қуандық Қасымов. Ол бұған дейін қазақ драма театрында ғана емес, Қарағанды облысының басқа да театрларында спектакльдер қойған болатын. Қ. Қасымовтың жұмыстары Қазақстанның, Еуропа елдерінің және Мысыр елінінде өткен фестивальдерде көрсетілген болатын.

Жас актерлер үшін әртүрлі режиссерлермен жұмыс істеу, олардың қолдауын сезіну маңызды. Бұл тәжірибе алмасуға да қажет,- дейді Қайрат Кемалов.

Тұсаукесер қазан айының 23-24 күндеріне жоспарланған. Елдегі карантин шараларына байланысты залдағы көрермендердің саны 50 адамнан аспайды. Көрермендерден санитарлық шараларды сақтап, бетпе киіп, әлеуметтік арақашықты сақтау сұралады. 

Өзгелердің жаңалығы