Бас жаңалықтар
Қалалық аула клубтарының фестивалі өтті
03 Желтоқсан 2019, 22:41 1003

Қалалық аула клубтарының фестивалі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар сарайында "Таланттар шеруі" атты бірінші қалалық аула клубтарының фестивалі өтті. Іс-шара 2019 жылғы елордалық аула клубтары атқарған жұмысты қорытындылады.

"Астана Жастары" КММ жанында 21 аула клубы қызмет атқарады. 7 мен 16 жас аралығындағы2500-ден астам жасөспірімдер мен балалар алуан спорт түрлері, вокал, хореография, бейнелеу өнері, театр шеберлігі секцияларына қатысып, шахмат ойнауды, ағылшын және қазақ тілдерін, авиамоделдеуді үйренуде. Сонымен қатар балалар арт-терипиямен қолданбалы өнермен де айналысады. Мұның барлығы тегін.

Фестиваль аясында "Достық эстафетасы" атты спартакиада, "Бақытты балалалық шақ" сурет көрмесі, "Ақ ладья" шахматтан қалалық турнирі және фестивальдің басты оқиғасы – "Таланттар шеруі" өнер концерті ұйымдастырылды. Жалпы шараға елордалық аула клубтарының 400-ден астам тәрбиеленушісі қатысты.

Елорданың аула клубтары өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, қалыптастыруда және жан-жақты дамытуда маңызды рөл атқарады. Ал аула клубтары – бұл біздің ұлттың негізгі қозғаушы күші, - деп атап өтті қала әкімдігінің Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.
Спартакиада қорытындысы бойынша бас жүлдені "Армандастар" АК, бірінші орынды "Мирас" АК, екінші орынды "Алан" АК және үшінші орынды "Орда" аула командасы иеленді.
Бүгін біздің "Армандастар" аула клубы фестивальге қатысты. Біз спартакиадада гран-при иегері болдық. Ұйымдастырушыларға – "Астана Жастары" мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тамаша іс-шара өткізгені және біздің балаларымыздың спортта, шығармашылықта және өнерде өздерін көрсетуге және жүзеге асыруға жақсы мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіргім келеді, – деді "Армандастар" АК басшысы Азамат Кәрімов.




Фото: дереккөз
Загрузка...