Бас жаңалықтар
Алаштанушыға құрмет көрсетілді
21 Қараша 2020, 17:51 97

Алаштанушыға құрмет көрсетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Qyr balasy қоғамдық қорының өкілдері көрнекті жазушы, ғалым, қоғам қайраткері, алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты Бейбіт Қойшыбаевтың мерейжасына арнап республикалық онлайн конференция ұйымдастырды. 

«Б.Қойшыбаев шығармашылығындағы Алаш және тұлғатану мәселелері» республикалық онлайн конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Сенаты төрағасы Мәулен Әшімбаевтың, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың және Білім және ғылым министрі Асқар Аймағамбетовтың, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықовтың, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің құттықтаулары салтанатты түрде табысталды.

Алқалы жиын барысында ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді, профессор Ғарифолла Әнес, ЕҰУ профессоры Сағымбай Жұмағұл мен ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер, Qyr balasy қоғамдық қорының басшысы Заңғар Кәрімхан,  қаламгерлер Ақылбек Шаяхмет пен Бақыт Смағұл және «Әділет» қоғамының белсенді мүшелері сөз алып, Бейбіт Орынбекұлының адами қасиеттері мен шығармашылығына тоқталып, қаламгерді мерейжасымен құттықтады.


Фото: дереккөз
Загрузка...