Бас жаңалықтар
Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды
20 Қаңтар 2020, 12:12 219

Алматыда Алатау ауданының бұрынғы әкімі қамауға алынды

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласы Алатау ауданының экс-әкімі Шахмерден Рыспаев тергеу сотының санкциясы бойынша екі айға қамалды. 

Бұл мәліметті Алматы қалалық соты да растады.
Тергеу сотының үкімімен күдіктіні екі ай мерзімге қамау санкциялық шарасы шықты, - делінген соттың баспасөз қызметінің мәліметінде. 

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі экс-шенеунікті ұстау сәтіндегі видеоны жариялаған. Сондай-ақ шенеуніктің 2019 жылы ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны айтылған болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...