Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

1 Маусым 2020, 12:47
1193
Бөлісу:
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге 2-4 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Скандинавия аймағынан ығысатын антициклон Қазақстан Республикасының солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында ауа температурасының төмендеуін алып келеді, кей жерлерде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағаймен өткінші жаңбыр және бұршақ жауады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста, Иран аумағынан еніп жатқан жылы ауа массалармен, ыстық және құрғақ ауа райы сақталады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Өзгелердің жаңалығы