Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

15 Шілде 2020, 16:01
1126
Бөлісу:
Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазақстанның барлық дерлік аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс және шығыс өңірлерінің кей жерінде өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерінде шаңды дауыл мен жел күшейеді. Сондай-ақ, еліміздің басым бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массалары мен ыстық ауа райы сақталады, - делінген таратылған ақпаратта.
Күндіз 16-18 шілдеде Алматы облысында 35-36 градус ыстық күтіледі.

Талдықорған қаласында күндіз 16-18 шілдеде 35 градус ыстық болады.

Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.

Күндіз 16-18 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында 35-37 градус ыстық сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

Өзгелердің жаңалығы