Алексей Цой ДДСҰ Еуропа аймақтық комитетінің тұрақты төрағасы болып сайланды

18 Қыркүйек 2020, 16:41
1500
Бөлісу:
Алексей Цой ДДСҰ Еуропа аймақтық комитетінің тұрақты төрағасы болып сайланды

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Қыркүйектің 14-15 күндері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа  аймақтық бюросының 70-ші сессиясын өткізді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой аталмыш ұйымның тұрақты аймақтық комитетінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін Қазақстан аталған комитеттің қатысушысы ғана болатын. ДДСҰ өткізетін жиындарда еліміздің ғана емес, өңірдің де мәселелері қозғалып, шешім қабылданады, - деді Қожахметов. 

Ресми өкілдің айтуынша, аймақтық тұрақты комитет ДДСҰ Еуропа аймақтық бюросының жанынан құрылған, оған 12 мемлекет мүшелік етеді. 

Айта кету керек, төрағаның сайлануы жасырын түрде өтеді. Үш жылға сайланған төраға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Еуропа аймақтық бюросы атынан ұсынымдар мен кеңес беретін құқыққа ие. Оның жиыны жылына төрт мәрте өтеді. Денсаулық сақтау саласына қатысты шешімдер мен стратегиялық құжаттар қабылдай алады. Оның орта есеппен әлемде 900 миллионнан астам адамға әсері бар. Яғни, Еуропалық одақ елдеріне, Орталық және Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия өңірін қамтиды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы