Бас жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19 млн-ға жуықтады
06 Тамыз 2020, 14:07 268

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 19 млн-ға жуықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте әлемде коронавирустан 6838 адам қайтыс болды. 

Науқастар саны бойынша АҚШ көш бастап отыр, онда бес миллионға жуық науқас тіркелді, деп хабарлады Worldometer сайты.

6 тамыздағы жағдай бойынша әлемде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 18,9 миллионнан асты. 

Жалпы, індетпен 18 млн 976 мың адам ауырып қалған. Оның ішінде 711 220 адам көз жұмып, 12 млн 165 мың адам сауығып кетті. Әлемдегі тағы 1% немесе 65 543 науқас ауыр немесе аса ауыр жағдайда.

Коронавирус 213 елде тіркелді.

Өткен тәулікте әлемде COVID-19-дан 6838 адам қайтыс болды.

Әлемдік статистикада COVID-19 науқастарының саны бойынша көшбасшы елдер: АҚШ (4 млн 973 мың), Бразилия (2 млн 862 мың) және Үндістан (1 млн 963 мың).

Түнде 10 мың 861 жаңа оқиға тіркелді, оның ішінде 6139-ы Мексикада және мыңнан астам науқас Қазақстан мен Боливияда тіркелді.

Сондай-ақ, жаңа тәулікте әлемде коронавирус пандемиясы салдарынан 933 адам қайтыс болды, олардың ең көбі Мексикада (829) тіркелген.


Фото: дереккөз
Загрузка...