Бас жаңалықтар
Әлемдік сауалнама: Климаттың өзгеруі – жаһандық деңгейдегі төтенше жағдай
27 Қаңтар 2021, 22:31 178

Әлемдік сауалнама: Климаттың өзгеруі – жаһандық деңгейдегі төтенше жағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҰҰДБ-мен өткізілген «Климат мәселелеріне қатысты халықтық дауыс беруі»  әлем тұрғындарының жартысынан көбісінің көзқарасын қамтиды. Оксфорд университеті өңдеген сауалнама нәтижелері көрсеткендей, әлем халқының 64 пайызы, COVID-19 пандемиясына қарамастан, климаттың өзгеруін жаһандық деңгейдегі төтенше жағдай деп санайды

Бүгін климаттың өзгеруіне арналған тарихтағы ең ірі қоғамдық пікір сауалнама — "Климат мәселелеріне қатысты халықтық дауыс берудің" нәтижелері жарияланды. 50 ел мен әлем халқының жартысынан көбін қамтыған зерттеуге 18 жасқа дейінгі жарты миллионнан астам адам қатысты, яғни, климаттың өзгеру мәселесін шешуге мүдделі халықтың негізгі санаты. Олар, әдетте, қарапайым референдумдарға қатыса алмайды.

Жасы, жынысы және білім деңгейі бойынша бөлінген халықтық дауыс берудің егжей-тегжейлі нәтижелерін Оксфорд университетімен бірлесіп осы инновациялық сауалнаманың ұйымдастырушысы болған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) дүниежүзі мемлекеттерінің үкіметтеріне жіберетін болады. Зерттеуге қатысқан көптеген елдерде климаттың өзгеруі туралы осындай кең ауқымды қоғамдық пікір сауалнамасы алғаш рет жүргізілді. Биылғы 2021 жыл елдердің климаттық міндеттемелерді қабылдауы үшін шешуші жыл болайын деп отыр - қарашада Глазгода (Біріккен Патшалық) БҰҰ Климат жөніндегі саммиті шеңберінде келіссөздердің өзекті раунды өтеді. 

Сауалнама барысында респонденттерге климаттың өзгеруін жаһандық төтенше жағдай деп санай ма, және алты салада — экономика, энергетика, көлік, азық-түлік пен ауыл шаруашылығы, табиғат пен адамдарды қорғау саласындағы он сегіз климаттық саясаттың негізгі шараларын қолдай ма деген сұраққа жауап беру ұсынылды.  

Сауалнама нәтижелері адамдар, қазіргі жасалып жатқан шаралармен салыстырғанда, көбінесе, климаттық шаралардың ауқымды түрлерін қабылдауды қолдайтынын көрсетеді. Осылайша, энергетикалық секторда шығарындылары ең жоғары деңгейдегі, зерттеуден өткен он елдің сегізінде адамдардың көпшілігі энергетика саласындағы жаңартылатын энергия үлесінің ұлғаюын қолдады. Жерді пайдаланудың өзгеруіне байланысты шығарындылары жоғары бес елдің төртеуінде көпшілік ормандар мен жерлерді сақтауды жақтады. Қала халқының ең көп үлесі бар он елдің тоғызының тұрғындары экологиялық таза электромобильдер, автобустар мен велосипедтерді белсенді қолдануды мақұлдайды.

Адамдар, шығу тектеріне қарамастан, климаттың өзгеруі жаһандық төтенше жағдай екенін бірауыздан мойындап отыр. Климат мәселелері бойынша халықтық дауыс беру, сонымен қатар, адамдардың экологиялық қауіпсіз ауылшаруашылығымен айналысудан бастап,  табиғатты қорғауға және тұрақты қалпына келтірудің экологиялық әдістеріне инвестиция салуға дейін қандай шаралар қабылдану керек екенін білетіндігін көрсетті. Халықтық дауыс беру елдерге қоғамның қолдауымен ауқымды климаттық шаралар қабылдауға мандат береді - дейді БҰҰДБ әкімшісі Ахим Штайнер.

Жаңашыл сауалнама осындай дәстүрлі сауалнамалармен қызықтыру қиын болып табылатын 18 жасқа дейінгі жастардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында мобильді ойындардың көмегімен таратылды. Оксфорд Университетінің қоғамдық пікірлерді зерттеушілері ауқымды сауалнаманы жас, жыныс және білім деңгейі бойынша сараптап, оны көрнекі етті, нәтижесінде сауалнама олқылық деңгейі тек +/- 2% құрады.

Саяси шаралар респонденттердің кең қолдауына ие болды, оның ішінде ормандар мен жерлерді сақтау ең сұранысқа ие жауаптардың қатарына енді (респонденттердің 54%); күн, жел және басқа да жаңартылатын энергия көздерін пайдалану (53%); ауыл шаруашылығының жүргізуде климатқа қауіпсіз түрлерін қолдану (52%); және жасыл бизнес пен жұмыс орындарына инвестицияларды ұлғайту (50%).

Бұл зерттеу жұмысы  – бұған дейін өткізілген климатқа қатысты қоғамдық сауалнамалардың ішіндегі ең ауқымдысы және бізге мобильді ойындар арқылы көптеген адамдарды жұмылдырып қана қоймай, сонымен қатар түрлі елдерден шыққан респонденттердің алуан түрінің қызығушылығын таныта алатындығын көрсетті. Климат мәселелері бойынша халықтық дауыс беру теңдессіз құнды деректерді  жинақтауға мүмкіндік берді. Климаттың өзгеруін бұрын болжанған ауқымнан әлдеқайда көп адам төтенше жағдай деп санайды. Сондай-ақ, біз көпшілік халық батыл әрі ауқымды саяси шараларды қолдайтынын анықтадық - дейді Оксфорд университетінің әлеуметтану кафедрасының профессоры Стивен Фишер,

Зерттеу білім деңгейі мен климаттың өзгеруіне байланысты әрекеттерді қолдау арасында тікелей байланыс бар екенін көрсетті. Климаттың өзгеруі төтенше жағдай болып табылатынын мойындаудың өте жоғары деңгейі барлық елдердегі университет немесе колледж түлектерінің арасында байқалды, атап айтқанда, Бутан (82%) және Конго Демократиялық Республикасы (82%) сияқты табысы төмен елдерден бастап Франция (87%) және Жапония (82%) сияқты бай мемлекеттерге дейінгі елдер.

Жас мәселесіне келетін болсақ, жасырақ респонденттер (18 жасқа дейін) ересек жастағы адамдарға қарағанда климаттың өзгеруі проблемасының төтенше сипатын жиі мойындаған. Алайда, барлық жас топтары арасында өте ұқсас нәтижелер шығарылды: 18-35 жас аралығындағы адамдар 65%, 36-59 жас аралығындағы 66% және 60 жастан асқан 58%, бұл осы көзқарастың кең таралғанын көрсетеді.

Сауалнама нәтижелерін мына сілтемеден таба алсыздар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...