Бас жаңалықтар
Әлеуметтік әділдікті ұран етеміз – ҚКХП мүшесі
21 Қазан 2020, 15:33 205

Әлеуметтік әділдікті ұран етеміз – ҚКХП мүшесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан коммунистік халық партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров партияның алдағы Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауына қатысуға мүдделі екендігін айтты. 

Баспасөз өкілдеріне берген сұхбатында ол науқанның маңыздылығы, партияның ұстанымы мен оның қоғамдағы рөлі жайлы сөз қозғады.

Парламенттік партия болғандықтан саяси науқандар мен сайлауға қатысуға мүдделіміз, әрі міндеттіміз. Бұл өз әлеуетіміздің сыналатын да тұсы. Бізге дауыс берген, жалпы ұстанымымызды қолдайтын халықтың үддесінен шығып, үмітін ақтауымыз керек. Коммунизм идеологиясының ұстанымы  - әділдік болғандықтан, сайлауға «әлеуметтік әділдік» ұранымен түсеміз, - деді ол. 

Оның айтуынша, оппозициялық партия ретінде фракцияның өз міндеті бар.

Біз сынап жатамыз, кейде мәжбүрлегендей де боламыз. Осы күнге дейін аз шаруа атқарылмады. Үлескерлер, баспана мәселесін шешуде нәтижеге жеттік деп ойлаймын. Әйелдерді зейнетке ерте жастан шығару жөніндегі ұсынысымыз қолдау таппады. Дегенмен парламентте жерді шетелдіктерге сатуға болмайтындығын айтып, ең бірінші болып мәлімдеген фракция біз болдық, - деді ҚХКП мүшесі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Фото: дереккөз
Загрузка...