Бас жаңалықтар
Біз үшін әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтау аса маңызды – сарапшы
02 Шілде 2020, 18:10 330

Біз үшін әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтау аса маңызды – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бөлім басшысы Алуа Жолдыбалина Мемлекеттік комиссияның шектеу шараларын енгізу туралы шешіміне қатысты ойын ортаға салды.

Карантиндік режимді бұзған жағдайда, қазақстандықтар үшін жаңа айыппұлдарды бекіту - шаралардың бірі. Карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бұзылған жағдайда жеке тұлғалар 30 АЕК немесе 83 340 теңге (шамамен 204 доллар), кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК немесе 638 940 теңге (шамамен 1560 доллар) және одан жоғары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұған дейін коронавирус бойынша карантин режимін бұзғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған болатын, – дейді сарапшы.

Ол әлемнің көптеген елінде өз азаматтарын тәртіпке келтіру үшін осы мәжбүрлі шараны енгізіп отырғанын айтты.

Мысалы, 29 маусымда Әзербайжан Парламенті санитарлық-гигиеналық және карантиндік режимді бұзғаны үшін айыппұл мөлшерін бекітті. Жеке тұлғалар 200-ден 400-ге манатқа дейін (100-ден 200 долларға дейін), лауазымды тұлғалар - 3 мыңнан 4 мың манатқа дейін (1500-ден 2000 долларға дейін) айыппұл төлейді. Әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында Әзербайжанда айыппұл сомасы 2 есеге артты. Бірқатар елде маска режимін бұзғаны үшін де айыппұл салады. Өткен аптада Түркияда 22 маусымнан бастап маска кию талаптарын бұзғаны үшін 900 лира (130 АҚШ долларынан астам) айыппұл төлейді. Аргентина қоғамдық орындарда масканың жоқтығы үшін 500 мың песоға (шамамен 7 мың доллар) айыппұл салуға ниетті. Украина үкіметі азаматтардың маска кию талаптарын орындамағаны үшін арнайы жауапкершілік белгіленетін заң жобасын мақұлдады, – деді ол.

Мұндай тәжірибе көрші Ресейде де бар.

Ресейде маска-қолғап режимін бұзғаны үшін айыппұл белгіленген: көлікте — 5 мың рубль (70 доллар), көшелер мен үй-жайларда – 4 мың рубль (56 доллар). Сондай-ақ, Италия үкіметі карантинді бұзғаны үшін жазаны күшейту мәселесін талқылауда, атап айтқанда, оларды 3000 еуроға дейін ұлғайтпақ. Қазіргі уақытта Италиядағы айыппұл сомасы 206 евроны құрайды. Қазіргі уақытта біз үшін әлеуметтік қашықтық, маска режимін сақтау, айыппұл салуға жол бермеу аса маңызды, – дейді Алуа Жолдыбалина.

Фото: дереккөз
Загрузка...