Бас жаңалықтар
Әлеуметтік желіде Oscar-дан үміткер қазақстандық фильмнің үзіндісі жарияланды
VIDEO
04 Желтоқсан 2020, 18:16 171

Әлеуметтік желіде Oscar-дан үміткер қазақстандық фильмнің үзіндісі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Голливудтық «Оскар» сыйлығына ұсынылған «Ұлы дала зары» атты қазақстандық фильмнің үзіндісі жарияланды. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша сыйлықтан үміткерлікке ұсынылды.

Фильм продюсері - Ернар Мәліков. Картина «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша сыйлықтан үміткерлікке ұсынылған.

Киноға қазақ тарихының ақтаңдақ тұсы - 1920-1930 жылдардағы ашаршылық кезеңі негізге алынған. Ол кезде 8,5 миллионға жуық адам, яғни халқымыздың 70 пайызы аштықтан қырылып қалған еді. 1,5 миллионнан аса адам Отанын тастап, басқа елдерге қашуға мәжбүр болған. Қазір тарих сахнасынан ада «қызылдардың» қырғыны жайлы мұнда ашық айтылады.




Фото: дереккөз
Загрузка...