Әлі де КВИ-ге қарсы вакцина COVID-19-ды тудырады деген қорқыныш бар - маман

14 Мамыр 2021, 17:03
1484
Бөлісу:
Әлі де КВИ-ге қарсы вакцина COVID-19-ды тудырады деген қорқыныш бар - маман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Көпшілік адамда әлі де COVID-19-ға қарсы вакциналар COVID-19 ауруын тудырады деген қорқыныш бар. Бірақ ұсынылған вакциналардың ешқайсысында COVID-19 ауруын тудыратын тірі вирусы жоқ. Демек COVID-19 вакцинадан кейін COVID-19 ауруымен ауырта алмайды, - деді дәрігер Орталық коммунациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол атап өткендей, кез келген вакцина сияқты COVID-19 жұқпасына қарсы вакциналар да жанама әсерлер тудыруы мүмкін. Оларда көпшілігі жеңіл түрде бірнеше күн ішінде өздігінен кетеді.

Мамандар жүргізіп отырған мониторингке сәйкес Қазақстанда күтілетін реакциялар 0,3 пайызды құрайды. Сондай-ақ 57 пайызы жалпы реакциялар, 43 пайызы жергілікті реакцияларды құрап отыр, - деп түсіндірді Манар Смағұл.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні елімізде 6 өңір «қызыл» аймақта тұр. Олар Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Шымкент қаласы, Атырау, ШҚО, СҚО, Алматы және Ақтөбе облыстары кіреді. «Жасыл» аймақта Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда және Қостанай облыстары тұр.

Өзгелердің жаңалығы