Алимент төле. Әлеуметтік қордан кімге және қанша төленеді?

15 Шілде 2020, 17:52
2581
Бөлісу:
Алимент төле. Әлеуметтік қордан кімге және қанша төленеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да "Карантин кезіндегі азаматтар мен бизнестің құқықтары мен міндеттері" тақырыбында өткен онлайн конференция барысында айтты.

Жеке сот орындаушыларының республикалық палата базасында алимент төлеу бойынша әлеуметтік қор құрылды. Қазір қордың жұмысын тұрақтандыру үшін қаржы жинау кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Қаржыны төлеу үшін, оны алдымен жинау керек. Бұл қаржы қалай төленеді? Бірден айтайық, мұқтаж жандардың барлығына төлеу мүмкін емес. Себебі, қаражат жетпейді, - деді ол. 

Министр беделді адамдардан тұратын арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Комиссия құрамының тізімі жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының сайтында бар. Олар көмекті кімге беру керек екенін шешеді. Ол көмек тұлғаның барлық қажеттілігін өтей алмайды. Бірреттік төлем бойынша шектеу болады. Бір төлем бір адамға 1 млн теңге көлемінде болады деп болжануда. Нақты статистика жинақтау кезеңі аяқталған соң нақтыланады, - деді Бекетаев. 

Әділет министрі өткен жылғымен салыстырғанда алимент төлемеу азайғанын атап өтті.

Осы жылдың 6 айында сот орындаушыларының жұмысында алимент төлемегендер бойынша 210 іс бар. Өткен жылы бұл көрсеткіш 192 мыңды құрады. Осы жарты жылда 13 269 мың адам 2-3 ай алимент төлемеген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 14 мыңнан астам еді. Демек, алимент төлемегендер саны азайды. Алимент төлеушілердің 93 пайызы уақытылы төлейді. 6 айда ішкі істер органына 908 алимент төлемеген адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға материал жіберілді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы