Нұрлан Әлімжанов: Елбасы – түркі әлемінің абызы

26 Қараша 2020, 16:14
2080
Бөлісу:
Нұрлан Әлімжанов: Елбасы – түркі әлемінің абызы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов  Тұңғыш Президенті күніне орай  өткен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: жасампаздық пен қарқынды дамудың 30 жылы» халықаралық дөңгелек үстелі барысында айтты.

Егеменді ел болып, еңсемізді көтергелі 30 жылдың көлемі болды. Аз ғана уақыт ішінде әлем мойындаған керегесі кең,өзге елмен терезесі тең елге айналдық. Заманымыз тыныш, еліміз қарыштап дамып келеді, - деді Нұрлан Әлімжанов.
Елбасы рөлін сомдаған актер Елбасы туралы төрт фильмге түскенін айтты.
Нұрлан Әлімжанов: Елбасы – түркі әлемінің абызы
Фильмнің өзі «Рухани жаңғыруға» келіп отыр. Себебі Елбасының халықтың  рухани жаңғыруына да қосқан үлесі зор. Елбасыны қалай мақтасақ та жарасады. Тұңғыш Президент-әлем мойындаған саясаткер. Ол – бүкіл түркі әлемінің абызы. Өзге елде де үлкен мақтанышпен айтып жүреміз, - деді ол. 
Сондай-ақ, депутат Елбасымен алғаш қалай кездескенін еске алды.
Елбасын 2003 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық жасөспірім-балалар театрында көрдім. Театрда «Қыз Жібек» қойылымында Төлегеннің рөлі бұйырған еді. Бір айдың ішінде образды сомдауға дайындалдық. Сахнаға үлкен толғаныспен шыққаным әлі де есімде. Спектакль өте сәтті өтіп, Елбасы сахнаға шығып батасын берген еді, - деді Нұрлан Әлімжанов.

Өзгелердің жаңалығы