Алматы әкімдігінен ел бюджетіне түсетін қаржы 376 млн теңгеге қысқарады

20 Қыркүйек 2020, 03:30
1333
Бөлісу:
Алматы әкімдігінен ел бюджетіне түсетін қаржы 376 млн теңгеге қысқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев мәлімдеді.

1 қыркүйектен жыл соңына дейін әкімдік шағын және орта бизнестің жалға алушыларымен 499 есепті тоқтата тұрады. Бұл ретте, бюджеттің кіріс бөлігіне түсім жоспары 206 млн теңгеге қысқарады. Көктемдегі және осы жолғы тоқтата тұруды ескерсек, мемлекет бюджетіне түсетін жалпы сома 376 млн теңгеге қысқарады, - деді басқарма басшысы.
Бұған қоса, ол «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы gosaktivy_bot Telegram қосымшасының іске қосылғанын хабарлады. Енді мемлекеттік мүлікті жалға алу бойынша барлық сұрақтарға виртуалды кеңесші жауап береді.

Өзгелердің жаңалығы