Алматы: "Асыл арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылуы мүмкін

1 Сәуір 2020, 23:45
1571
Бөлісу:
Алматы: "Асыл арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының Қарасай ауданындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені толық карантинге жабылуы мүмкін. Полиция "Асыл Арман" тұрғын үй кешені тұрғындарының жүріп- тұруына шектеу қойған. Бұл туралы Tengrinews.kz. хабарлайды.

Тұрғындардың айтуынша, полиция көліктері тұрғын үй кешенінен шығуға тосқауыл қойған.
Біріншіден, жұмыс тобы жағдайды жергілікті жерде зерттейді, өйткені бұл мәселе барлық жағдайларды мұқият қарауды қажет етеді. Тұрғындарға барлық жағдайды сақтай отырып, вирустың одан әрі таралуын болдырмау керек. Түпкілікті шешім мұқият тексеруден кейін қабылданады және тұрғын үй кешенінің тұрғындарына жеткізіледі. Шешім кейінірек жарияланады, - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
 
Бұған дейін дәл осы "Асыл арман" тұрғын үй кешенінде тұратын екі тұрғынның инфекция жұқтырғаны анықталған. Бірі 1995 жылғы жүкті келіншек болса, екіншісі 1959 жылы туған әйел. Бұған дейін дәл осы кешендегі №6 үйдің бір кіреберісі карантинге жабылған. 
Өзгелердің жаңалығы