Алматы электр станциясы #Абай175 челенджіне қосылды

10 Желтоқсан 2019, 15:54
5656
Бөлісу:
Алматы электр станциясы #Абай175 челенджіне қосылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "АлЭС" АҚ-ның жұмыскерлері Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған челенджге қосылды. Осыған орай компанияда "Абай әлемі" атты конкурс өтті.

Конкурсқа 7 команда қатысып, өнерлерін ортаға салды. Конкурстың "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы" атты алғашқы кезеңінде қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

IMG_9595.JPG

"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін..." атты екінші кезеңінде ақынның өмірінен тамаша көріністер көрсетілді.

"Құлақтан кіріп бойды алар..." атты үшінші кезеңде ұлы ақынның музыкадағы рухани дүниесі ашып көрсетілді.

Абайдың шығармашылығына арналған конкурстан керемет әсер алдық, киім үлгілері, грим, декорациялар 1-ЖЭО акт залын шағын театр сахнасына айналдырды. Нағыз кәсіпқой театр шеберлерінің көріністерін тамашалағандай сезімде болдық, - дейді БЖК кадр жөніндегі жетекші инженері Айнұр Темірбаева.

IMG_9449.JPG

Конкурс нәтижесі бойынша жүлделі орынға ие болған командаларға диплом мен сертификаттар берілді. Сондай-ақ, қазылар алқасының ерекше ілтипатына бөленген басқа қатысушылар "Үздік мәнерлеп оқу", "Үздік жанкүйер", "Ақынның өмірі мен шығармашылығын жетік меңгерген" номинациялар бойынша марапатталды.

АлЭС қабырғасында өткізілетін "Абай әлемі", "Тәуелсіз елім – тірегім, туған тілім – жүрегім!" КВН және т.б. іс-шаралар жастар арасында рухани-адамгершілік, патриоттық қасиеттерді тәрбиелеуде. Ең бастысы, мұндай ісшаралар АлЭС-тің шығармашылыққа қабілеті бар дарынды жастарын анықтайды, қолдайды және шабыттандырады, - дейді ұйымдастырушылар.

Өзгелердің жаңалығы