Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

25 Қаңтар 2021, 17:54
7014
Бөлісу:
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы кітапханалар қайта жаңғырып, халық көп жиналатын мәдени орталыққа айналуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл 10 кітапхана жаңа форматқа көшкен.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қаладағы кітапханаларды жаңғырту 2017 жылы басталған. Негізінен кітапхананы сервистік қызмет көрсету кешеніне, оқудың шығармашылық атмосферасын құру, диалогтық және мәдени алаңға айналдыру көзделген.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қазіргі таңда орталықтандырылған кітапхана жүйесіне тиесілі 26 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұмыс істеп жатыр. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Ең алдымен Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы жаңғыртылса, 2019 жылы тағы бес кітапхана қайта жөндеуден өтіп, заманауи орталыққа айналған. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Ал 2020 жылы Чехов атындағы орталық қалалық кітапхана, Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы, Қазақстан Жазушылары кітапханасы және №1, 4, 6, 26, 29, 30, 44 кітапхана филиалдары қайта жаңғыртылған. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

2021 жылы тағы үш кітапхананы жаңа форматқа көшіру үшін жөндеу жұмыстары басталып кеткен.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Бүгін өңірлік коммуникация қызметінің ұйымдастыруымен өткен пресс-тур аясында 2020 жылы қайта жаңғыртылған кітапханалардың тыныс-тіршілігімен таныстық.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының орынбасары Наталия Коваленко қаланың әр ауданында 3-5 кітапхана бар екенін айтты. Олардың барлығы кезең-кезеңімен жаңартылып, қазіргі заманға сай кітапханаға айналуда.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қазір біздің кітапханалар жаңғыртылып, келушілерді тарту үшін жаңа форматқа көшіп жатыр. Бұған дейін кітапханаға бұлай көңіл бөлінген емес. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арқасында қаладағы кітапханалар түрленіп, жаңаша тыныс ала бастады. Оның үстіне кітапханалар да жұмысын басқаша жүргізе бастады, яғни қандайда бір кітаптың таныстырылымын өткізу, оқырмандармен жаңаша жұмыс істеу. Әр кітапханада оқырманға жайлы болу үшін креативті демалыс орындары қарастырылған және отыратын орындар саны артты. Кітапхана жазушылардың, суретшілердің, өнертанушылардың, ғалымдар мен блогерлердің диалог алаңына айналды. Оған қоса интернет залымен де қамтылып жатыр, - дейді ол.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Сонымен қатар ол биыл қалада жаңадан тағы үш кітапхана ашылатынын жеткізді.

Жақында Наурызбай ауданындағы атлетика ауылында «Alatau сreative hub» ашылды. Енді Назарбаев даңғылы мен Мәуленов көшесінде тағы екі орын берілді. Бұрын ол жерде кітапхана болмаған, жақын арада жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи кітапхана ашылады, - дейді Коваленко.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қорында барлығы 1 млн 898 кітап бар екен. Оған жылына 3 млн-нан аса оқырман келетін көрінеді. Дегенмен пандемияға байланысты қазір оқырмандар саны азайған. Балалар кітапханасына күніне 400-700 аралығында оқырман келеді екен. Біз барған Түрксіб ауданындағы №26 кітапхана қорында 26 мыңнан аса кітап бар екен, оның 9 мыңдайы қазақ тілінде.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Сондай-ақ кітапханалар оқырманды көбірек тарту үшін жұмыс уақытын кешкі сағат 20.00-ге дейін ұзартқан және аптасына жеті күн жұмыс істейді.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

№174 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сандуғаш Закариянова 2000 жылдардың басынан бері №26 кітапханамен тығыз байланыста жұмыс істеп келе жатқанын айтты.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қазір бұл кітапхана қайта түлеп, жаңа келбетке ие болды. Мұнда қазір бәрі басқаша, соған орай оқушылардың кітапханаға келуі, қызығушылығы да артты. Өзіміз де оқушыларды кітап оқуға баулып, кітапханамен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Жақсы кітаптарды оқуымызға жағдай жасап отырған кітапхана ұжымына алғысымды білдіремін, - дейді ол.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қайтадан жаңғыртылған кітапханаларда кітап оқу бұрыштарынан бөлек балаларға арналған бірнеше үйірмелер ашылған. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Оның ішінде шахмат ойыны, қолдан түрлі бұйым жасау, мәнерлеп оқу, ағылшын тілі, бисер тоқу, сурет салу сынды тегін үйірмелер бар. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Сонымен қатар оқырмандар кітапханада өтетін түрлі кештерге, ақын, жазушылардың кездесуіне, жаңа кітаптың тұсаукесер рәсіміне қатыса алады.

Танымал актер Әбунасыр Серік №1 балалар кітапханасына балаларын жиі әкеп отыратынын айтты.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қызым кітапханаға келіп тұрады. Жұмыс көп болған соң өзімнің келуге уақытым бола бермейді. Бұрын кітапханада орыс тарихына қатысты кітап көп болушы еді. Ал қазір суреттермен әрленген қазақ әдеби кітаптары, аңыз, ертегілері толып тұр. Бұрын мынандай жайлы кітапхана болған жоқ. Қазір кітап оқимын деген адамға бар жағдай жасалған. Өзім соңғы шығып жатқан жазушылар ішінде Шыңғыс Абдуллаевтың кітаптарын оқимын, - дейді актер.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Алатау ауданында қайта жаңартылған №44 кітапхана да қазіргі заманға сай жасалыпты. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Кітап сөрелері де оқырман үшін ыңғайлы етіп қойылған. Оның үстіне кітапты жастанып жатып оқуға да бар жағдай жасалған. 

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Кітапхана меңгерушісі Жеңіскүл Ермекбаева жаңғырту жұмыстарынан кейін жас оқырмандар қатары көбейгенін айтты.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Жөндеу жұмыстары осы жылдың 20 қаңтарына дейін жүргізілді. Кітапхана жаңартылған соң қала әкімінің өзі келіп жұмысымызбен танысты. Қазір демалыссыз жұмыс істеп жатырмыз. Қызметкерлерге де жақсы жағдай жасалды. Оқырмандарға арнап екі үйірме мен психологиялық сырласу клубымыз жұмыс істеп тұр, оның ішінде компьютер сауаттылығы да жүргізіледі. Ал, психолог ересектер мен жастарға аптасына екі рет сабақ өткізеді, оның барлығы тегін. Келешекте ағылшын тілі курсы мен домбыра үйрету үйірмесін енгізбекшіміз, - дейді кітапхана меңгерушісі.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Қаладағы қайта жаңғыртылған кітапханалардың бірі 1968 жылы негізі қаланған Қазақстан Жазушылары кітапханасы. Бастапқыда бұл орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №13 кітапханасы болған. 2000 жылы Мәдениетті қолдау жылына байланысты атауы Қазақстан Жазушылары кітапханасы болып ауысқан. 

Аталған кітапхананың меңгерушісі Елена Ағайсаның айтуынша, 2020 жылы қала әкімдігі қаржы бөліп жөндеу жұмыстары жүргізілгелі кітапхананың тынысы кеңейе түскен.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Жөндеу жұмыстары аясында жаңа жиһаз, орг техника толықтай әперілді. Кітапханамызда 57 мыңнан астам кітап бар, оның 22 мыңнан астамы қазақ тілінде. Бұған дейін кітапхана қабырғасында 5 үйірме жұміс істесе, қазір 10 үйірме ашсақ деп отырмыз. Бұрын күнделікті келетін оқырмандар саны 400-дің айналасында болатын, енді одан көп болады деген ойдамыз. Мұнда жастармен қатар ересектер де келеді. Абономент бөлімінде кітапты үйге 15 күнге береміз, - дейді Ағайсан.

Қазақстан Жазушылары кітапханасының тұрақты оқырманы Сәуле Үсенова 1988 жылдан бері осы кітапханаға келіп, білім нәрімен сусындап жүргенін айтты.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Өзімнің мамандығым есепші, қазір зейнеткермін. Бұл кітапханаға келіп жүргеніме 32 жыл болды, тіптен екінші үйім сияқты болып кетті. Мұндағы іс-шаралардың барлығына қатысып тұрамын, бос уақытымның бәрін осында өткіземін. Бұл менің рухани азық алатын орным. Табылмайтын кітаптың барлығын осы жерден табам. Өзім әдеби кітаптарды көп оқимын. Қазір кітапхана жаңартылып, жаңа леп алды. Барлық жерге компьютер қойылған, отырып кітап оқуға да ыңғайлы. Кітапханашылар да кірген беттен құрақ ұшып, қандай кітапты тауып берейік, не оқығыңыз келеді деп жылы шыраймен қарсы алады. Жас ұрпақ осындай мәдени ошақтың қадірін түсініп, пайдасын көре білсе, жаман болмас еді, - дейді оқырман.
Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қазіргі қызметінің барлығы балалар мен жастарды өмірге дайындауға көмек көрсетуге, оларды оқуға тарту, әлемдік мәдениет жетістіктеріне баулуға бағытталған және осы жолда аянбай қызмет ете бермек.

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Алматы кітапханалары жаңа форматқа көшуде

Өзгелердің жаңалығы