5 борышкерден 5 млн-ға жуық теңге өндірілді

18 Мамыр 2021, 15:40
1590
Бөлісу:
5 борышкерден 5 млн-ға жуық теңге өндірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алименттік іс, әлеуметтік маңызы бар категорияға жататындықтан жеке сот орындаушылардың басты назарында болады. Сондықтан бұл бағытта жұмыс тынымсыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылар палатасының баспасөз қызметі.

Алматы облысының жеке сот орындаушылары бір апта ішінде бес борышкерден 4 997 829 теңге өндіріп алды. Барлық іс проблемалы, яғни олар бойынша қарыз үш айдан асқан.

Жүргізуші куәлігін уақытша тоқтата тұру шарасы ЖСО Асхат Балтабаевқа тиімді болып шықты. Нәтижесінде 1 387 945 теңге көлеміндегі қарызды борышкер толығымен өтеді.

Балтабаев облыстың тағы бір тұрғыннан 502 000 теңге көлеміндегі алимент қарызын өндіріп алды.

Менің сот орындаушысы Серік Байділдаевтың жұмысына шағымым жоқ, - деп жазды талапкер 769 961 теңге алимент қарызын алғаннан кейін.

Жеке сот орындаушы Ерлан Даткаев екі іс бойынша жақсы жұмыс атқарғанын айту керек. Біреуі бойынша 300 мыңдай , екіншісінде миллионнан астам теңге өндірілді.

Бейне ризашылығын аналардың бірі Ержан Мұқажанов істі сапалы орындағаннан кейін жазды. Сот орындаушысы медиатор мен нотариустың қатысуымен миллион теңгеден астам қарызын толығымен жабу үшін жер учаскесі бар үйді өндіріп алушыға берген.

Өзгелердің жаңалығы