Бас жаңалықтар
Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды
PHOTO
26 Ақпан 2021, 14:47 286

Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында АН-2 ұшағы шұғыл қонды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылдың 26 ақпанында сағат 12:26-да Іле ауданының Боралдай кентінде «Боралдай-Кеген» бағытында санитарлық авиация бойынша әуежайдан ұшып шыққан АН-2 ұшағы қозғалтқышының жұмыс істемей қалуына байланысты шұғыл жерге қонуға мәжбүр болды, - дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Хабарламада айтылғандай, ұшақта 2 экипаж мүшесі және 3 жолаушы (медиктер) болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

КОНУ1.jpeg


Ұшақ оңтүстік бағыттағы ұшу-қону жолағынан 1,5 шақырым жерге қонды. Оқиға орнына ТЖД (7 қызметкер мен 2 бірлік техника), «Боралдай» аэродромы авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандары (15 қызметкер мен 5 техника) барды.


Фото: дереккөз
Загрузка...