Бас жаңалықтар
Алматы облысында әскерилердің дайындығы тексерілді
08 Тамыз 2020, 21:31 177

Алматы облысында әскерилердің дайындығы тексерілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы, Қапшағай, Отар гарнизонының әскери дайындығын пысықтауға арналған оқу-жаттығулар аяқталды. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады. 

Бұл іс-шараға 8 мыңдай әскери мен 200-ден астам құрлықтық техника және он шақты ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылды. Гарнизондар тактикалық, физикалық және нысананы дәлдеп атудан дайындықтарын көрсетті.

Шартты түрдегі диверсиялық топтарға қарсы қалай әрекет ету керектігі де пысықталды. Әскери қолбасшылар аталған құрылымдардың түнде жүргізілген ату дайындығын да жоғары бағалады.

Сонымен бірге қоймаларда қару-жарақ сақтау мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің жіті қадағалануы тексерілді. 




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...