Алматы орталық ауруханасының 10 дәрігері өз еркімен жұмыстан кетті

26 Мамыр 2020, 16:49
1527
Бөлісу:
Алматы орталық ауруханасының 10 дәрігері өз еркімен жұмыстан кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Орталық қалалық клиникалық аурухана қызметкерлерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

25 мамыр күні Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевпен бірлесе отырып видеоконференция режимінде Орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымымен жиналыс өткізді. Бөлімше меңгерушілері мен директордың орынбасарын қосқанда 30 адам қатысты, - делінген хабарламада. 

Жиын барысында жұмысқа орналастыру және коронавирусқа қарсы күреске жұмылдырылған, инфекцияны жұқтырған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді жүзеге асыру барысына байланысты еңбек ұжымының өтінішінде көтерілген мәселелер қаралған. 

ОҚКА бас дәрігерінің міндетін уақытша атқарушы Гүлнар Құлқаева  қазіргі жағдай жайлы баяндама жасады.

Осылайша, аурухананың 10 қызметкері өз еркімен жұмыстан шықты. 1 маусымға дейін сауыққан 143 қызметкер жұмысқа орналасады деп күтілуде, ал 1-15 маусым аралығында қалған барлық қызметкерлер жұмысқа шығуға дайын, - делінген хабарламада.
Кездесуге қатысушылар қалалық карантин режиімінің аясында қалыптасқан еңбек құқығын одан ары реттеу шаралары бойынша  Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тәсілдерін қарастырды.
ОҚКА қызметкерлері үшін осы жылдың 1 маусымынан бастап 15 күннен вахталық жұмыс әдісі белгіленген, алайда бұл әдіс жан сақтау бөліміндегі мамандарға қатысты емес, олар үшін сағаттық жұмыс кестесі қарастырылған. Сонымен бірге, ОҚКА қызметкерлерін барынша толығымен №4 ҚКА,  №7ҚКА, ҚЖШККА бос орындарына жұмысқа орналастыру тапсырылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жұмысқа орналастырылмаған ОҚКА қызметкерлеріне өндірістің тоқтап тұрған кезеңінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен орташа айлық есеппен жалақы төлеу жоспарланып отыр.

Үстемақы мәселесі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды, тізімдер жасалды, жақын арада Денсаулық сақтау министрлігінің арнайы тобы жүргізген тергеу амалдарының ресми нәтижесі күтілуде. Соған байланысты соңғы шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Айта кетсек, сәуір айында аталған аурухана қызметкерлерінен жаппай коронавирус анықталып, Орталық аурухана карантинге жабылған еді.

Өзгелердің жаңалығы