Алматы тауларында квадроциклмен жүрген жас жігіт қаза тапты

26 Қазан 2020, 10:39
1234
Бөлісу:
Алматы тауларында квадроциклмен жүрген жас жігіт қаза тапты

Алматы, BAQ.KZ. Қайғылы жағдай осы демалыс күні Бутаковка шатқалы маңында болған. Бұл туралы «109» құтқару қызметі хабарлады.

Квадроцикл теуіп жүріп 1999 жылы туған жас жігіт шұңқырға түсіп кеткен.

109 құтқару қызметі жеке құрамының 5 адамнан тұратын экипажы тау бөктерінен төмен екі шақырым жерден жігіттің денесін тапты. Өкінішке қарай турист қатты жарақаттан сол жерде көз жұмды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар жас жігіттің денесін зембілге салып полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мен туыстары күтіп тұрған жерге дейін жеткізіп берді.

Өзгелердің жаңалығы