Алматы тауларында жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

1 Маусым 2020, 16:14
1943
Бөлісу:
Алматы тауларында жоғалған бойжеткеннің денесі табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы тауларының бірінен жоғалған туристің денесі табылды. Ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел-құтқару жасағы растады.

Хабарламада айтылғандай, марқұмның денесі кеше, 31 мамырда, БАО-дан жоғары, ғарыш стансасы ауданынан табылды. Полиция департаменті Әсел Панарғалиева өлімінің себептері сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады деп хабарлады. 

Еске сала кетейік, Әсел Панарғалиева жоғалған сәттен бастап жарты жылдан астам уақыт өтті. Қыз 2019 жылы 9 қарашада Үлкен Алматы шыңына шығып, содан бері байланысқа шықпады. Оны іздеуге полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер аттанды. Іздеу бірнеше рет жүргізілді. Тікұшақпен де іздеп көрді. Жоғалып қыздың туыстары іздестіруге көмек көрсеткендер үшін сыйақы жариялады, бірақ нәтижесіз болды. 

Соңғы рет іздестіру жұмыстары 14 мамырда қайта басталды. Құтқарушылар Үлкен Алматы шыңы – Коммунальник – БАО – ГАИШ – ғарышстанса бағыты бойынша шықты.

Өзгелердің жаңалығы