Бас жаңалықтар
Сағынтаев: Басты міндет – өмір сапасы жоғары әлемнің топ-100 қаласының қатарына қосылу
12 Желтоқсан 2019, 12:51 4655

Сағынтаев: Басты міндет – өмір сапасы жоғары әлемнің топ-100 қаласының қатарына қосылу

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қаланың дамуы, ең алдымен, тұрғындарының, билік пен бизнес өкілдерінің біріккен жұмыс нәтижесі. 

Бұл туралы Алматы әкімі қалалық ортаны жақсартуға арналған Урбан форум барысында айтты. 

Жиын барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы-2050 стратегиялық жоспарына тоқталды.

Біздің стратегия Алматыны дамытудың жаңа кезеңін бастайды. Басты міндет - өмір сапасы жоғары әрі бизнес жүргізу мүмкіншілігі зор әлемнің топ-100 қаласының қатарына қосылу. Стратегия үш қағидатқа негізделген: жаңа экономика, жаңа кеңістік және жаңа коммуникациялар. Міне осы бағыттарға басымдық берілген, - деді әкім. 

Сондай-ақ ол, стратегияны әзірлеуде қала тұрғындарынан мыңнан аса ұсыныс келіп түскенін айтты. 

Бұлардың көпшілігі қаладағы жаяу жүргіншілер жолын жақсартуға, қаланы көгалдандыруға, қоғамдық көліктердің жұмысын тиімді етуге бағытталған. Көптеген пікір ескерілді және тұрғындарға алғыс білдіремін, - деді ол. 

Әкім сонымен қатар қаланың шеткі аудандары да дамитынын, "қаланың шеті" деген түсінік болмайтынын жеткізді. 

Әр ауданның инфрақұрылымын дамытуға күш саламыз. Қаланың барлық ауданында жоғары өмір сапасы қамтылу керек. Мәдени ошақтар мен қызмет көрсету орындары әр ауданда болады, - деді Бақытжан Сағынтаев.


Фото: дереккөз
Загрузка...