Алматы және Алматы облысы тұрғындарын вакцинациялау бойынша жұмыс тобы құрылды

10 Сәуір 2021, 18:27
1091
Бөлісу:
Алматы және Алматы облысы тұрғындарын вакцинациялау бойынша жұмыс тобы құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы және Алматы облысы әкімдерінің орынбасарлары Ержан Бабақұмаров пен Батыржан Байжұманов онлайн форматта жаппай вакцинациялау бойынша өңірлік штабтардың бірлескен отырысын өткізді.

Бірлескен отырысқа қала аудандарының және облыстың шекаралас аудандарының әкімдері, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудандық медициналық ұйымдардың басшылары қатысты.

Басты міндет — Алматы облысында тұратын және Алматы қаласының аумағында жұмыс істейтін азаматтарды вакцинациялау бойынша бірлескен іс-қимыл алгоритмін әзірлеу.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен механизмді ескере отырып, қала тұрғындары вакцинаны тіркелген жеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша ала алады. Сонымен қатар, Алматы облысының көптеген тұрғындары Алматы қаласының аумағында орналасқан кәсіпорындарда жұмыс істейді. Осыған байланысты, отырыста ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін өңіріне (Алматы қаласы, Алматы облысы) және нақты тұратын немесе тіркелген жеріне  қарамастан, жұмыс орны бойынша вакцинациялау туралы шешім қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы