Алматыда 1700 оқушы вирус жұқтырған

5 Сәуір 2021, 16:58
1613
Бөлісу:
Алматыда 1700 оқушы вирус жұқтырған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, қалада коронавирустың кең тарауына мутацияланған түрінің келуі себеп болған. Өйткені жаңа штаммның жұқтыру қабілеті екі есе жоғары.

Былтыр оқушылар арасында вирус жұқтыру жағдайы 281 болған. Жаңа жылдан бері 1700-ге жуық оқушы вирус жұқтырды. Вирус анықталған оқушылардың 80 пайызы үйде, яғни қашықтан оқитындар. Сондықтан баланың қайда жүргенін бақылау керек, оларға адам көп шоғырланған жерге бармауға кеңес беру керек. Күн жылынысымен мыңдаған адам далаға шықты, сондықтан адам көп жиналатын жерден бас тарту қажет, - деді ол. 

Сонымен қатар ол үйде вирус жұқтыру жағдайы болып жатқандықтан үй ішін жиі жуып, желдетіп отыруға, қолды жуып, масканы үнемі тағып жүруге кеңес берді.

Алматыда коронавируспен түскен науқастарды қабылдайтын 5100 төсек-орны ұйымдастырылған. Қазір оның 55%-ы толған. 4 сәуір күні қала бойынша 615 адамнан вирус анықталған.

Бұған дейін Бекшин қаладағы қоғамдық көлікті демалыс күндері тоқтату тиімді болмағанын мойындады.

Өзгелердің жаңалығы