Бас жаңалықтар
Алматыда 18 мейрамхана, караоке және басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды
22 Қаңтар 2021, 19:30 139

Алматыда 18 мейрамхана, караоке және басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда қандай нысандардың карантин шарасын бұзғаны үшін жабылғаны айтылды. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада күшейтілген форматта 32 мониторингтік топ жұмыс істейді. 2020 жылы 3149 іс-шара өткізіліп, 21 590 нысан қамтылған. Шектеу шараларын сақтамағаны үшін 5182 хаттама жасалған, оның ішінде заңды тұлғаларға 134,1 млн теңгеге 406 хаттама және жеке тұлғаларға 199 млн теңгеге 4776 хаттама бетперде режимін бұзғаны үшін жасалыпты. Сондай-ақ сотқа қасақана заңбұзушылар бойынша материалдар берілген.

Осы жылдың басынан бастап 1-19 қаңтар аралығында 225 іс-шара өткізілді, 1755 нысан тексерумен қамтылды, 74 нысанда карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. Жалпы сомасы 10 млн теңгеге 85 хаттама толтырылды. Шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі бойынша құқық бұзушыларды кейіннен сотқа тарту және сотқа беру үшін іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтатуға дейін жауапкершілігі қарастырылған, - делінген хабарламада.

Алматы қаласының соты 18 кәсіпкерлік субъектісінің қызметін 1, 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы қаулы қабылдады.


Фото: дереккөз
Загрузка...