Алматыда 4 жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды

4 Мамыр 2021, 15:33
3539
Бөлісу:
Алматыда 4 жасар баланы қағып кеткен самокат жүргізушісі ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Ер адам өзінің кінәсін мойындады. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр деп мәлімдеді Полиция департаменті.


Оқиға 2 мамыр күні Назарбаев даңғылы бойында болған. Зардап шеккен баланың әкесі түсіндіргендей, жігіт қызымен бірге самокат теуіп келе жатып, төрт жасар баланы қаққан және тоқтамастан кетіп қалған. Соққы алған баланың бет-әлпетінде ісік пайда болған.

Алматы ПД-нің баспасөз қызметі бүгін баланы қаққан самокат жүргізушісі ұсталғанын хабарлады, ол 1997 жылы туған Іле ауданының тұрғыны болып шықты.

Ер адам өзінің кінәсін бірден мойындады, ол жауапкершіліктен қорқып, баланы қаққаннан кейін, оқиға орнынан қашып кеткенін айтты. Сондай-ақ самокат жүргізушісі қасында оның сүйіктісі - 2000 жылы туған Т. есімді азаматшаның болғанын айтты. Сот ісін жүргізудің осы сатысында Б. есімді азаматқа ҚР ӘҚбК-нің 615-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр, - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.


Өзгелердің жаңалығы