Алматыда "Абай әлемі" атты әдеби-сазды кеш өтіп жатыр

20 Ақпан 2020, 12:00
3206
Бөлісу:
Алматыда "Абай әлемі" атты әдеби-сазды кеш өтіп жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыдағы Республика сарайында Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абайдың 175 жылдығына арналған мәдени шара өтіп жатыр. 


Кеш аясында "Поэзия тілдің билеушісі" атты поэтикалық микрофон жұмыс істеп тұр, мектеп оқушылары Абай оқуларын өткізіп жатыр. Сонымен қатар, елімізге танымал жазушылар "Ұлы мұраны сақтау" тақырыбында жастарға шеберлік сағатын өткізуде. Абай ауылының шеберлері де ұлттық қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыруда.

Медеу ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Аралбаев бүгінгі мәдени жиын Абай шығармаларына, оны өскелең жас ұрпаққа насихаттау тұрғысында ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. 

айка1.jpeg
 
Биыл хакім Абайға 175 жыл. Мемлекет басшысының жарлығымен Абай атамыздың мерекесін республика көлемінде атап өту жөнінде шешім қабылданған. Президентіміз айтпақшы бұл мерейтой тойлау үшін емес, рухани жағыру үшін, рухани баю үшін қажет, - дейді ол. 
Шара аясында "Алатау" дәстүрлі өнер театрының орындаушылары Абай әндерін орындап, театрландырылған қойлымды паш етті. 
Сондай-ақ қаладағы кітапханалар да Абай шығармаларынан тұратын кітап көрмесін ұйымдастырған. 

айка2.jpeg

№4 қалалық кітапхананың оқу бөліміне жауапты маман Малика Әбдіраш бүгін бірнеше тақырыптан тұратын кітап көрмесін ұйымдастырғандарын жеткізді. 
Көрме "Жүрегіңнің түбіне терең бойла" бөлімімен басталады. Мұнда Абай атамыздың фотоальбомынан тұратын кітаптар қойылған, "Шығыс шайырлары" бөлімінде Абай атмыз аударған Батыс пен Шығыс классиктерінің еңбектерімен таныса аласыз. Оған қоса Абай атамыздың өлеңдері, Семей өңірі туралы еңбектер қойылған, - дейді кітапхана маманы. 
айка3.jpeg

Аталған жиынға сонымен қатар "Ықылас" дәстүрлі музыка аспапар көрмесіндегі хакім Абайдың домбырасы да әкелініпті. 

домбыра.jpeg



 
Өзгелердің жаңалығы