Алматыда алдағы екі жылда 8 мектеп салынады

19 Ақпан 2020, 13:00
1865
Бөлісу:
Алматыда алдағы екі жылда 8 мектеп салынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру жиынында айтты.

Жиын барысында қала әкімі мектепте орын тапшылығы мәселесі бар екенін, әсіресе Алатау ауданындағы "Рахат" ықшамауданына жағдай күрделі екенін жеткізді. 
Оқу жылы басталғанға дейін 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 12 900 орынды 8 мектеп салу жоспарлануда. Бұл 8 мектептің біреуі "Рахат" ықшамауданында ашылады. 2020 жылдың өзінде оқу жылының басына қарай 1800 орынды 2 мектеп, қолданыстағы мектептерге 5 қосымша құрылыс салынатын болады,- деді әкім. 

Әкімнің айтуынша, қаладағы оқушылар саны жылына орта есеппен 12 мың балаға артып келеді. Өткен жылы 13 білім беру нысаны мен 3174 орынға арналған 162 жеке меншік мектеп пайдалануға берілген. Ал 2020 жылы 27 білім беру нысанының құрылысы жалғасуда. 
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру арқылы жеке бизнес те белсенді түрде атсалысуда. 2020-2022 жылы жеке инвестициялар есебінен 2240 орынды 4 мектеп, 8000 орынды 300 балабақша ашу жоспарлануда. Осылайша, бұл шаралар екі ауысымда білім беретін мектептердегі тапшылықты 30 мың орынға дейін азайтуға, сондай-ақ 10 мың орынға арналған балабақша кезегін азайтуға мүмкіндік береді, - деді Сағынтаев.





Өзгелердің жаңалығы