Бас жаңалықтар
 Алматыда қару-жарақ сатып келген 10 адам сотталды
24 Ақпан 2020, 11:03 220

Алматыда қару-жарақ сатып келген 10 адам сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Заңсыз айналымнан 3 "Калашников" автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды. Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған, - делінген хабарламада.

IMG_1985_photo.jpg

Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.

IMG_1994_photo.jpg

2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...