Бас жаңалықтар
Алматыда автобус өртенді
PHOTO
20 Сәуiр 2021, 12:17 391

Алматыда автобус өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Алматыдағы Әйгерім-2 шағын ауданында жолаушылар автобусы өртке оранды.

Алматы қаласы ТЖД-нің мәліметінше, бүгін сағат 10.00 шамасында қоғамдық көліктің өртенгені туралы хабар келген.

20 сәуір күні сағат 11:00-де Алматы қаласы ТЖД "101" пультіне куәгерлерден Алатау ауданы Әйгерім-2 шағын ауданындағы Қожаханов-Бембердин қиылысы көшесілерінде автобустың жанғаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер 7 минуттің ішінде келгенде жалын от 20 шаршы метр алаңда «Лиаз» маркалы автобустың ашық жалынмен жанғанын анықтады. Дереу көбігі бар өрт оқпандары жанып жатқан автобусты сөндіруге және автобус конструкцияларын салқындатуға бөлек өрт оқпандары берілді, - делінген хабарламада.


Қабылданған шаралардың арқасында өрт 7 минут ішінде, 11сағат 22 минутта сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...