Бас жаңалықтар
Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізілді
23 Қаңтар 2021, 09:25 154

Алматыда азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша рейд жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда азық-түлік құнын тұрақтандыру шаралары жалғасуда. Әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын арнайы мониторинг топтары үнемі қадағалап отырады. Бұл туралы  Almaty.tv хабарлады.

Сары-Арқа базары. Әлеуметтік маңызы бар сөрелерге негізгі көкөністер қойылған. Қолжетімді бағаны сақтау үшін жауаптылар күнделікті тексеріс жүргізіп тұрады. Әлеуметтік дүкендер азық-түлік құнын ешқандай делдалсыз, «Алматы» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бекіткен бағамен саудалауы шарт.
Әлеуметтік себетте картоп, пияз, сәбіз сынды көкөністер қойылған. Бағалары бекітілген. Тұрақты. Мұндағы бір ғана ерекшелік – таңнан түске дейін азық-түлік бағасы арзан болады. Ал, кешқі сауда кезінде үстінен 5-10 тг қосылады, – деді «Сары-Арқа» базарының директоры Агабек Акопян.  

Мұнан соң мамандар Әузов ауданындағы бірнеше «Магнум» сауда желісі мен дүкендерді аралап, баға тұрақтылығын тексеріп көрді. Қандай жағдай болмасын баға шарықтамауы тиіс. Әлеуметтік маңызы бар сөрелерге жоғары сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшеніп сататын макарон, қарақұмық жармасы мен күріш қойылған. Сонымен қатар, бірінші санатты тауық еті мен жұмыртқа, күнбағыс майы бар.

Жалпы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізбесінде 19 түрлі өнім  атауы бар.  Мамандар болса, баға тұрақтылығын сақтау  үшін түрлі жағдайларды қарастырған. Бір ғана мысал – нан өнімдерін өндіретін «Ақсай нан» зауыты.  Мұнда нан бағасы 75 теңге.

Арнайы тексеріс тобы азық-түлік бағасын бақылауда ұстап отырады. Аудан бойынша әзірге баға тұрақтылығы бұзылған жоқ. Егер бағаның өсуі тіркелген жағдайға біз жеке кәсіп иесіне айыппұл салмай тек, ескерту, түсіндірме жұмыстарын жүргіземіз. Себебі шағын және орта бизнес өкілдеріне ауыртпалық салмауымыз керек, – деді Әуезов ауданы кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Тілек Нұржанов.
Күріш 330 теңгеден, сиыр етінің әр келісі 2 200-ден, ұн 240, картоп 150, қант 254 теңгеден аспауы тиіс. Сәйкесінше, әлеуметтік тұрақтандыру қоры арқылы сатып алынған тауарлар қымбаттамауы керек.

Фото: дереккөз
Загрузка...