Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

19 Қаңтар 2021, 03:43
1506
Бөлісу:
Алматыда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда бокстан 2003-2004 жылғы туған жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ел біріншілігін Қазақстан бокс федерациясы мен Алматы қалалық бокс федерациясы бірлесіп өткізуде.

Қазақстан чемпионаты Республикалық спорт колледжінің ғимаратында өтеді. Сондай-ақ жарыс қорытындысы бойынша бапкерлер 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына команда жасақтайды. 

Жастар арасындағы Қазақстан біріншілігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жанкүйерлерсіз өтеді

Өзгелердің жаңалығы