Алматыда фитнес-орталықтар ашылды

3 Маусым 2020, 17:43
1154
Бөлісу:
Алматыда фитнес-орталықтар ашылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы №37 қаулысына сәйкес, бүгіннен бастап денешынықтыру-сауықтыру нысандарының қызметі қайта басталды.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осы қаулыға сәйкес қаладағы 280-нен астам нысанның жұмысы қайта жаңғыртылмақ, яғни  2800-ден астам  адам жұмысқа қайта оралады.
Мекемелердің қызметіне барлық эпидемиологияға қарсы шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі. Жұмысты бастар алдында, олар Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы қажет. Сонымен қатар нысандарда санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, жаттығу кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау, персоналдар мен келушілердің дене қызуын тексеруі керек, - делінген хабарламада.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын спорт мекемесінің басшылары өздері белгілейді. Жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Әзірлік аяқталғаннан кейін, нысандар хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік беріп, оны растай отырып, infokazakhstan.kz сайтына тіркелулері тиіс.

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайды. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.
Өзгелердің жаңалығы