Бас жаңалықтар
Алматыда ХҚКО-да ана мен балаға арналған мобильді бөлме ашылды
PHOTO
27 Қараша 2020, 14:30 186

Алматыда ХҚКО-да ана мен балаға арналған мобильді бөлме ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы фронт-офистерге келетін мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін барынша жағдайлар жасайды. 

Атап айтқанда, зейнеткерлер мен көпбалалы аналарға жеке жеңілдік терезесінде қызмет көрсетіледі, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін қолайлы орта жасалған.


Бұдан басқа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы Mama Nova компаниясымен бірлесіп, ХҚКО-ларда ана мен баланың мобильді бөлмелерін ұйымдастыруда. Оның алғашқысы Алмалы ауданындағы фронт-офиске орналастырылды.

ХҚКО-ға сәбиімен келген аналар баласын емізуге немесе жөргегін ауыстыру үшін оңаша орын іздеуге мәжбүр болатын. Енді олар ана мен балаға арналған бөлмені пайдалана алады, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.


Ана мен балаға арналған мобилді бөлме фронт-офистің 1-қабатында, ресепшн қарсысында орналасқан. Қырықбаев дәл осы уақытқа дейін ана мен балаға арналған бөлменің болмауына фронт-офис ғимаратында орынның жетіспеушілігі себеп болғанын атап өтті.

Mama Nova компаниясының арқасында көптен күткен ана мен балаға арналған бөлмені жасау туралы шешім қабылданды. Әмбебаптығымен ерекшеленетін бөлме шағын болса да, балалы қызмет алушылар үшін үлкен рөл атқарады, - дейді ол.

Дәл бүгін ХҚКО-ға сәбиімен келген Ақбота Нәби мобильді бөлменің алғашқы пайдаланушысы болды. Бөбегі Болаттың жөргегін жайлы жерде ауыстырып, қажетті заттарды да бөлме ішінен таба алды. Жаялық,сүрткіш, майлайтын жақпа, ұнтақ дегендер де дайын тұр...


Компания мобилді бөлмені ана мен балаға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отыруды да өз міндетіне алған.

Өмірдің алғашқы жылдары әр баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Біз өмірдің бірінші жылындағы балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға және үйден тыс жерде аналарға жайлы жағдай жасауды мақсат етеміз! Mama Nova бөлмелері толығымен экологиялық таза материалдардан жасалған. Қауіпсіз жұмыс істеу үшін барлық бұрыштар тегістелген және дөңгелектелген. Қасбеттері жоғары сапалы ламинатталған ДСП-дан жасалған. Біздің ойымызша, бұл жоба жас балалардың дамуы мен денсаулығы үшін жақсы инфрақұрылым құруға көмектеседі, сол арқылы болашақ ұрпағымызға берік негіз қалайды!, - дейді Mama Nova компаниясының директоры Евгений Булатов.


Фото: дереккөз
Загрузка...