Алматыдағы ойын-сауық орталықтарында карантин талаптары бұзылған

17 Қаңтар 2021, 06:25
980
Бөлісу:
Алматыдағы ойын-сауық орталықтарында карантин талаптары бұзылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалада карантин кезінде сауық құрып, санитарлық талаптарды бұзатындар азаймай тұр. Түнгі сағат 11-ден кейін мейрамханаға қонақ қабылдағандардың жасырын әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Ережені елемей, тәртіпке бағынбағандар алдымен Алмалы ауданында ұсталды. Шевченко көшесінің бойында орналасқан түнгі клубта 70-ке жуық адам көңіл көтерген. Ал, қожайыны болса сұраққа жауап бермей басын ала қашты.  

Мониторинг топ құрамында еріктілер де бар. Олар алдымен қонақ ретінде қаладағы кез келген нысанға кіреді де, бақылау жүргізеді. Кейіннен клуб немесе мейрамхана иесінің ережеге қарсы жұмыс істеп жатқанын көргеннен кейін тәртіп сақшыларына хабар береді.

Шыны керек енді соңғы кезде жиі кездесіп тұрады. Заңбұзушылықтар көбейіп жатыр өкінішке орай. Көп адамдар коронавирустың қаупін түсіне бермейді, сол себепті осылай қыдырады. Ал орталықтар заңсыз жұмыс істейді, – деді ерікті Бағдат Анарбаева.


Өзгелердің жаңалығы