Бас жаңалықтар
Алматыда кезекші сыныптар көбейді
11 Қаңтар 2021, 11:43 275

Алматыда кезекші сыныптар көбейді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында III- тоқсандағы Алматы мектептердегі оқу форматы туралы баяндады.

Оның айтуынша, қалада жалпы контингенті  287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 276 мектеп жұмыс істейді, оның 207-сі - 270 мыңнан астам оқушыны қамтитын мемлекеттік мектептер, 69-ы - 17 мыңнан астам оқушыны қамтитын жекеменшік мектептер.

Баршаңызға белгілі, балалар мен мұғалімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаладағы 205 жалпы білім беретін мектептерде оқу жылы қашықтықтан басталды. Көлсай мен Сұлусай ықшамаудандарында орналасқан №194 және №197 мектептердің, сондай-ақ 35 жекеменшік мектептердің адам санының аз болуына байланысты оқыту тұрақты режимде жүргізілуде,-дейді ол.

Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 1- 5-ші сыныптарға дейін 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды ашуға рұқсат етілген. 

Бүгінгі таңда 1-5 сыныптар үшін 150 мемлекеттік мектепте 17 753 бала контингенті бар 1235 кезекші сыныптар бар, 34 жекеменшік мектепте 7 020 бала контингенті бар 560 кезекші сыныптар бар,-дейді Жылқыбаева.

Сонымен қатар, ол кезекші сыныпқа созылмалы аурулары жоқ балалар оқуға жіберілетінін айтты.

Балалардың кезекші сыныптарда оқуын таңдау құқығы балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне тиесілі. Кезекші сыныптардың қызметі санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері 100% санитарлық қауіпсіздік дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етілген,-дейді басқарма басшысы.




Фото: дереккөз
Загрузка...