Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды

21 Қараша 2020, 09:16
1433
Бөлісу:
Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Турнир шымылдығын еркін күрес шеберлері ашып, үш салмақ бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды. Осы орайда, команда бас бапкері Әсет Серікбаев жас балуандар туралы пікірін білдірді, деп жазды Olympic.kz.  

Еркін күрестен Қазақстан чемпионатының алғашқы жарыс күнінде 57, 61 және 86 келіге дейінгі салмақта жеңімпаздар анықталды. 57 келіде Ақмола облысының балуаны, жас спортшы Дәулет Теміржанов топ жарды. Олимпиадалық салмақта есімі көпке белгісіз жас балуанның жеңгені қуантады. Бұл біздегі спортшылардың деңгейінің өсіп, бәсекелестіктің артқанын көрсетеді. 61 келіде де талантты жас балуан, 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлемдік және құрлықтық чемпионаттардың жүлдегері Адлан Асқаров жеңіске жетті. Адлан да болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшы. Оның әлеуетін осы чемпионатта тағы да байқадық. Жақсы күрес көрсетті. Тағы да қайталап айтамын, жастардың ұлттық чемпионатта жеңіске жеткеніне қуануымыз керек. Өйткені, ұлттық құрамадағы кіл мықтылардың ізін басатын осылар. 86 келіде Азамат Дәулетбеков қарсылас шыдатқан жоқ. Азамат өте тәжірибелі, біраздан бері ұлттық құрама сапында жүрген спортшы. Алдағы әлемдік жарыстарда біз оған үлкен үміт артамыз, - деді бас бапкер. 

Өзгелердің жаңалығы