Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

5 Желтоқсан 2020, 04:30
1430
Бөлісу:
Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-19 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Атап айтар болсақ, жарысқа жүз адамнан артық қатыстырылмайды.

 Сондай-ақ індеттің алдын алу мақсатында залға көрермендер жіберілмейді. 

Әрбір командада 12 спортшы, 4 бапкер және 1 төреші болуы міндетті. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан командаларының құрамы 16 адамға дейін кеңейтілген. 

Айта кетелік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы