Бас жаңалықтар
Алматыда оқушы қызға ер адам пышақ ала жүгірген
20 Қараша 2019, 15:31 1063

Алматыда оқушы қызға ер адам пышақ ала жүгірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға 19 қараша күні сағат 10:30-да мектептен 500 метр қашықтықта болған.

Қыздың анасының сөзіне қарағанда, қыз жұлқынып шығып, мектепке дейін қашқан. Ер адам болса қыздың артынан мектептің табалдырығына дейін қуып барған.

Ол қызыма қарама-қарсы келе жатқан. Қызымды көріп бұрылып, артынша пышақ ала жүгірген. Сол кезде ол байқап қалып, бұрылып, отыра қалған. Кейін орнынан тез тұрып, мектепке қарай жүгіре жөнелген. Ер адам болса жерге құлап түскен. Кейін боқтанып, қыздың артынан жүгірген. Қолында пышақ болған. Ол қызымның соңынан мектепке дейін барған. Камерада қызымның мектепке жүгіріп кіргені көрініп тұр, ал ер адам болса көрінбейді. Мен бірден полицияға хабарладым, - дейді оқушы қыздың анасы Кристина.

Әйелдің айтуынша, қызы қатты шошып қалған, енді мектепке де баруға қорқады. Кристина интернеттен қызына шабуылдаған ер адамға ұқсайтын адамның фотороботын тапқан. Суреттегі адамды осыған ұқсас жағдай бойынша күдікті деп таныған екен. Ол 2017 жылы Алатау ауданында болған. Ол кезде ер адам 15 жастағы қызды бауыздап тастай жаздапты. Полиция бұл факті бойынша іс қозғаған, бірақ күдіктіні ұстай алмаған. Фотороботты қызына көрсеткен, қызы ер адамды таныған.

3817c5a641e0ee5958e1fc5aa19192cd.jpeg

Мен интернеттен ақпаратты өзім тауып алып, қызыма көрсеттім. Ол ер адамды танып отыр, тек сақалы жоқ дейді. Ер адам 49-50 жаста. Менің ойымша камералар санын арттыру қажет. Өйткені, қызыма шабуылдаған сәт мектептен 500 метр қашықтықта орналасқан балабақшаның камерасына түспеген. Тек қарама-қарсы келе жатып, кейін соңына түсіп ілескен кезі ғана түскен. Полицияда видео бар, - дейді қыздың анасы.

№ 60 мектеп-гимназиясында бұл оқиға туралы біледі. Оқу бөлімі жетекшісі Сандуғаш Абылқасымова барлық ата-анаға әлі де болса қауіптің бар екенін ескерткен.

Бізде табалдырықта камера бар. Оны қарадық, ештеңе жоқ. Қыз қатты қорқып қалған, оны бірден психологқа апардық, ата-анасын шақырттық, полицияға хабар бердік. Олар төңіректің барлығын қарап шықты, әзірге нәтиже жоқ. Біз болған оқиға жайында барлық ата-анаға айттық. Екінші ауысымда 6-сынып оқушылары бар, кішкентай, алаңдап отырмыз. Егер бізде мектептің автобусы болса, бұл қауіпсіздік мәселесін шешер еді, - дейді Сандуғаш Абылқасымова.

Полицияда хабарлағандай, 19 қараша күні 102 нөіміріне күндіз қыздың анасы қоңырау шалған екен.

Жедел басқару орталығының кезекшілері мен жедел іздестіру тобы оқиға болған жер мен жақын маңды түгел тексеріп шықты. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Іздестіру тобының қатарында аудандық жедел қызметкерлері мен қалалық криминалды полиция кірген, - деді полицияда. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...