Алматыда үш скверді қайта жөндеу жұмыстары аяқталды

20 Қыркүйек 2020, 12:19
1659
Бөлісу:
 Алматыда  үш скверді қайта жөндеу жұмыстары аяқталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қала күніне орай Мақатаев, Махаббат атындағы және 12 шағын аудандағы скверлерді жөндеу жұмыстары аяқталды. Аталған жобалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, Әуезов ауданының 12-ші шағын ауданындағы сквер аумағында  сыртқы жарықтандырудың 50 бірлігі орнатылып, аумақ жабынмен, соның ішінде газонмен қамтамасыз етілді.

Алмалы ауданында орналасқан Мақатаев атындағы скверде аумағы 4,8 мың шаршы метр болатын учаскені көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. «Махаббат» сквері де Алмалы ауданының аумағында орналасқан, мұнда да осыған ұқсас жұмыстар аяқталды.

Жалпы, қала  тұрғындарының қолайлы демалысы үшін қажетті жағдайды жасай отырып, аталған жобаларды жүзеге асыру қаланың инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сквер шығармашылық интеллигенцияны, жас ақындар және жазушыларды тартатын орынға айналуы тиіс. Осы орынның атмосферасы шығармашылыққа шабыттандыратындай жағдайы жасалуы керек деген міндет қойдым, - деген болатын Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен бірге, аталған жобалар жұмыс орындарының құрылуын қарастырады. Мегаполисте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық 214 жобаны жүзеге асыру үшін 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Сол арқылы қызметкерлердің кемінде 50 пайызын халықты Жұмыспен қамту орталықтары  арқылы қамтамасыз ету көзделген.




Өзгелердің жаңалығы