Алматыда әскерилер нысандарды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде

26 Наурыз 2020, 20:13
2212
Бөлісу:
Алматыда әскерилер нысандарды зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуде

Алматы, BAQ.KZ.  Алматыда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері көшелерді, ғимараттарды және қоғамдық орындарды зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды кеңінен жүргізуде. Бұл туралы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының баспасөз қызметі хабаралады.


Қаладағы зарарсыздандыру жұмыстарына Алматы гарнизонынан барлығы 2000-ға жуық әскери қызметшілер тартылған. Бүгінгі күнге дейін арнайы бөлімшелер Алматы қаласы бойынша мектептер, балабақшалар, балалар алаңқайлары, емханалар және терминалдар сынды 284 нысанында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда ҚР ҚК арнайы бөлімшелерімен зарарсыздандыруға автобус аялдамалары, жаяу жүргіншілер жолы мен автокөліктердің тұрақтары жатады. Іс-шараларды жүргізу үшін жеке құрам арнайы техникамен, газсыздандыру қорғаныс жиынтығымен және зарасыздандырушы ерітінділермен қамтамасыз етілген. 
Біздің басты мақсатымыз – инфекцияның таралуын тоқтату. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағаттан астам уақыт, ал заттардың үстінде 48 сағат өмір сүреді және ауа-тамшы жолымен жұғу қауіпі жоғарылайды. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды зарарсыздандыру – коронавируспен күресу кезіндегі маңызды жұмыстың бөлігі болып табылады. Бүгінгі таңда біздің бөлімшемен жалпы көлемі 1 млн 329 м2 құрайтын 81 нысан зарарсыздандырылды, аталған жұмысқа 500-ге жуық адам және 24 "АРС-14" автоқұйылмалы станциялары тартылды, - деді майор Алмас Қасымханов. 

Алматы қаласының айналасында қойылған 21 блокбекеттерінде карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларының аясында 230-ға жуық әскери қызметші қызмет атқарып жүргендерін атап өткен жөн.
Өзгелердің жаңалығы