Алматыда соңғы айда 20 мың адамнан вирус анықталған

4 Мамыр 2021, 12:36
1303
Бөлісу:
Алматыда соңғы айда 20 мың адамнан вирус анықталған

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.

Осы жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның 56 526 жағдайы тіркелген. Қаңтар айында - 3 607 жағдай, ақпан айы – 2 945, наурызда – 9 500, сәуірде – 19 900 вирус жұқтыру жағдайы тіркелген,-дейді ол.

Сонымен қатар ол қалада коронавирустық сырқат белгісі бар науқастар саны артқанын жеткізді.

КВИ штаммдарының мутациялануына байланысты КВИ жұқтыру мен дертке шалдығу жалғасуда. Симптомсыз науқастардың үлес салмағы төмендеуде, симптомдық науқастар көбеюде, мәселен қаңтарда 73%, ақпанда 70%, наурызда 78%, сәуірде 86%, мамыр айының үш күнінде 87,4%-ды құрады. Негізінен инфекцияны 20-дан 70-ке дейінгі жас аралығындағылар тез жұқтырады. Олар науқастардың жалпы санының 76%-ын құрап отыр,-деді Қалықова.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 3767 адам жатыр екен. Медициналық қызметтің сапасын арттыру мқсатында пациенттер сырқат дегейіне қарай бөлінуде, яғни эшелондау қағидаты енгізілген. Соның арқасында төсек-орындар жеткілікті болып отырған көрінеді. Бүгінде төсек-орын қорының 58,3% - ы, реанимациялық төсек- орындардың 51,6% - ы толған.

Өзгелердің жаңалығы